Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 91 бұйрығы

  • Год издания: 2023
  • Категория документа: Приказы МЗ РК
  • Статус документа: Действует

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 20809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 8-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «www.egov.kz», «www. elicense.kz» (бұдан әрі –портал) жібереді.»;

8,9,10-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы;

2) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;

3) медициналық қызметке лицензияның бар/жоғы туралы;

4) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын («электрондық үкімет» шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮШ) мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын;

5) ЭҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;

6) жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы;

7) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары медициналық білімінің бар/жоғы туралы;

8) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімінің бар/жоғы туралы;

9) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

10) мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификатының бар/жоғы туралы;

11) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат туралы (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда) мәлімет алады;

12) медициналық қызметті жүзеге асыру жоспарланған үй (бұдан әрі өндірістік база) – жайға (ғимаратқа) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЭҮШ болған жағдайда).

Қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық немесе фармацевтикалық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).
9. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың және портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінен мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.

Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.

10. Егер құжаттар Тізбенің 8-тармағына сәйкес толық көлемде ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші:

1) портал арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді келісу туралы сұрау салу жібереді;

2) ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тәртіп бойынша тыңдау жүргізеді;

3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыруға алғаш өтінім берілген өндірістік базада рұқсат беру бақылауын (лицензия берілгенге дейін) жүргізеді.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Рұқсаттық бақылау барысында (өндірістік базаға барған кезде) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша сәйкестігін тексереді. »;

мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

«21-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» қағидаларының осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі      А. Ғиният

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2023 жылғы « »

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 30 мамырдағы
№ 91 бұйрығына қосымша

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

«www.egov.kz», «www.elіcense.kz» «электрондық үкімет» веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

қағаз нысанда берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру

кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады:

1)  лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2)  лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4 АЕКдан аспайды;

3)  лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ы.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1)  көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

2)  порталда жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

 

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан

талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі:

1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін:

осы қағиданың 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;

осы Тізбенің 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың бар/жоғын растайтын мәліметтер нысаны;

жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303

/2020 бұйрығына сәйкес қайта даярлаудан өткені туралы куәлік оқу нәтижелерін тану, қосымша және бейресми білім беру арқылы алған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген);

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда); меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ-да мәліметтер болған жағдайда)куәландыратын растайтын құжат;

2)  лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде;

осы Тізбенің 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;

ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.

Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын қағаз жеткізгіште берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

3)  лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаныңтелнұсқасын алу үшін:

осы Тізбенің 4-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 5-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1)  Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғаның филиалының осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;

2)  лицензиялық алым енгізілмеген;

3)  көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;

4)  лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға сондай-ақ рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша теріс қорытынды алды;

5)  сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салады;

6)  көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.

10

 

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1.  Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

7)  Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

3.  Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурсында көрсетілген Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript..

4.  Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.

2.  Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800080-7777.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32650 болып тіркелді.

БҰЙРЫҚТЫ ОҚЫҢЫЗ.