Добавьте Pharmreviews.kz в Google

События

Михаил Владимиров Takeda компаниясының бас директоры лауазымына тағайындалды

Михаил Владимиров Takeda компаниясының бас директоры лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы. Алматы. 24 мамыр 2023 ж. Адам өміріне аса қажетті инновациялық дәрі-дәрмек әзірлеумен айналысатын Takeda Pharmaceutical Company Limited ғаламдық биофармацевтикалық компаниясы Михаил Владимировтың 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Такеда Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлады. Takeda компаниясының қызметі бұрынғысынша Қазақстан нарығын қауіпсіз әрі тиімділігі жоғары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы заманауи дәрілік терапиясының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Михаил Владимировтың фармацевтика саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол Novartis және GlaxoSmithKline сынды халықаралық фармацевтикалық компанияларда түрлі басшылық лауазымдарды атқарған. Михаил Takeda компаниясына 2020 жылы келіп, ЖШҚ «Такеда Фармасьютикалс» генетикалық аурулар бөлімшесінің директоры лауазымына тағайындалды. Компанияда жұмыс істеген жылдары Михаил сирек кездесетін аурумен ауыратын науқастар үшін инновациялық шешімдердің қолжетімділігін арттыратын Такеда компаниясының ішкі үдерістерін қалыпқа келтірді. Оның жетекшілігімен жүзеге асырылған науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған айрықша маңызды жобалары бірнеше мәрте компанияның үздік тәжірибесі ретінде танылды.

Өзінің тағайындалуына пікір білдіре отырып, Михаил Владимиров: «Біздің Қазақстан пациенттерінің сапалы инновациялық ем алуға қолжетімділігін арттыруға бағытталған мақсатымыз ешқашан өзгермейді. Бүгінгі таңда біздің Қазақстандағы тізімімізде адамдардың өмірін сақтап қалатын әлеуеті бар 10 инновациялық дәрі бар және бұған қоса біз алдағы үш жылда қазақстандық пациенттерге тағы да 7 инновациялық дәріге қол жеткізу мүмкіндігін жасауға ниет білдіріп отырмыз. Қазақстандағы пациенттерге ең жаңа әзірлемелер қолжетімді болу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Takeda компаниясының қызметі бұрынғысынша терапияның негізгі салаларында емдеудің инновациялық әдістерін ілгерілетуге бағытталған. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып әрі науқастарға қызмет көрсету аясын дамыта келе денсаулық сақтау саласында жаңа кешенді шешімдер ұсына алатынымызды сеніммен айта аламын», - деп атап өтті.

«Такеда Қазақстан» - Takeda компаниясының ғаламдық биофармацевтикалық тобының бір бөлігі. Оның еліміздегі негізгі терапиялық бағыттарды дамыту мен өсірудегі әлеуеті айтарлықтай зор. Қазақстанда Takedaның қызметі гематология, иммунология, онкология және гастроэнтерология саласында сирек кездесетін ауруларды емдеуге бағытталған. Атап айтқанда, компания ІІ типті мукополисахаридоз, Фабри ауруы, Ходжкин лимфомасы, көпқырлы миелома, ішектің қабыну аурулары (Крон ауруы және жаралы колит), тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісік, гемофилия секілді күрделі әрі әлеуметтік маңызы зор аурулармен жұмыс істейді. Бүгінде Takeda Қазақстандық фармацевтикалық нарығының шамамен 3% құрай отырып, IQVIA-ның мәліметтеріне сәйкес ҚР алдыңғы қатарлы фармацевтикалық компаниялардың 10 көшбасшы қатарына енеді.

Takeda компаниясы туралы

Такеда компаниясының қызметі адамдардың денсаулығын жақсартуға және адамзаттың жарқын болашағын құруға бағытталған. Біздің мақсатымыз -асқазан-ішек жолдарының ісіну процестерін және сирек ауруларды емдеуде, қан плазмасын қолдану негізіндегі терапияда, онкологиялық аурулар, неврология және вакциналар жасау сияқты маңызды терапевтикалық және бизнес бағыттардағы тиімді емдеу әдістерін әзірлеу және қолданысқа енгізу. Әріптестерімізбен ынтымақтастық орната отырып, динамикалық әрі сантүрлі портфелі арқасында науқастарды емдеу сапасын жақсартуға және емдеудің жаңа мүмкіндіктерін құруға талпынамыз. Штаб-пәтері Жапонияда орналасқан. Жетекші биофармацевтикалық компания бола отырып, біз науқастарға, адамдарға және қоршаған ортаға деген адалдық қағидаларымызды басшылыққа аламыз. Шамамен 80 ел мен аймақта жұмыс істейтін компаниямыздың қызметкерлері екі жүз жылдан астам уақыт бойғы қызметімізді анықтайтын құндылықтарды негізге ала отырып қызмет жасайды. Толығырақ ақпарат www.takeda.com сайтында ұсынылған.

Актуальные материалы

  • В АСТАНЕ ВПЕРВЫЕ ПРОЙДЕТ КУРС ПОДГОТОВКИ МЕДИЦИНСКИХ АГЕНТОВ

    Astana Tourism объявляет набор на образовательный курс по привлече-нию иностранных пациентов в медицинские организации столицы. Ини-циатива реализуется в рамках развития медицинского туризма Астаны.

    окт 21, 2026

  • FDA одобрен первый антисмысловой олигонуклеотид для лечения хронического гепатита B

    Управлением по контролю качества пищевых продуктов и лекарственных средств США (FDA) одобрен препарат Hibsago (бепировирсен) компании GSK. Это первый антисмысловой олигонуклеотид, одобренный FDA для лечения хронического гепатита B у определенной группы взрослых пациентов без цирроза печени в сочетании с действующей противовирусной терапией.

    окт 21, 2026

  • В Казахстане предложили создать единую систему ухода за пожилыми людьми

    Депутаты фракции Общенациональной социал-демократической партии направили Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову запрос с предложением объединить медицинскую помощь, реабилитацию, социальные услуги и уход на дому в единую систему долговременного ухода за пожилыми людьми.

    окт 21, 2026

  • Депутаты Құрылтая предложили доработать МИСы для снижения нагрузки на врачей

    Депутаты Құрылтая от фракции партии «Әділет» направили Министру здравоохранения РК Акмарал Альназаровой запрос с предложениями по совершенствованию медицинских информационных систем (МИС). Основное внимание в запросе уделено необходимости сокращения повторного ввода данных, обеспечению работы медорганизаций при технических сбоях и объективному учету действий медицинских работников.

    окт 21, 2026

  • Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2026 года № 139

    О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-174/2020 «Об утверждении целевых групп лиц, подлежащих скрининговым исследованиям, а также правил, объема и периодичности проведения данных исследований»

    окт 21, 2026

885 pharmФармацевтическое обозрение Казахстана

Image

Подписка на новости