Добавьте Pharmreviews.kz в Google

Новости Казахстана

Бірыңғай дистрибьютор 2026 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоспарлы жеткізуді бастады

Бірыңғай дистрибьютор 2026 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоспарлы жеткізуді бастады
Фото: «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметі.

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор Астана қаласындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған логистикалық хабта бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды. Баспасөз туры аясында журналистер еліміз бойынша медициналық ұйымдарға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау, бөлу және жөнелту үдерістерімен танысты.

«СҚ-Фармация» ЖШС өкілінің хабарлауынша, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоспарлы түрде жөнелту басталды. Жеткізілімдер медициналық ұйымдардың өздері бекіткен өтінімдер мен кестелер негізінде жүзеге асырылуда.
Жөнелту штаттық режимде, іркіліссіз жүргізілуде. Барлық логистикалық үдерістер Бірыңғай дистрибьютордың тұрақты бақылауында, ал жеткізілімдер өңірлерге белгіленген кестеге қатаң сәйкес жолдануда.
2026 жылғы қаңтардың басындағы жағдай бойынша амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету аясында жөнелтілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалпы көлемі қаңтар айына жоспарланған көлемнің 20 пайызынан асты.
Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттерді қамтамасыз етуге басымдық берілуде. Атап айтқанда, жөнелтілген көлем:
• гемофилия бойынша – 28%;
• онкологиялық аурулар бойынша – 38%;
• қант диабеті бойынша – 12%.
Баспасөз туры барысында 100 пайыздық жөнелтуге қол жеткізу қарқынына Бірыңғай дистрибьюторға тәуелсіз сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін екені атап өтілді. Олардың қатарында өндірушілер тарапынан өндірістік үдерістерге байланысты жеткізілімдердің кешігуі, геосаяси ахуал, дәрілік заттарды сертификаттау және бір реттік әкелу мәселелері, таңбалау талаптары, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайлары бар.
Сонымен бірге «СҚ-Фармацияда» дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қоймаларға түскен сәттен бастап оларды медициналық ұйымдарға мүмкіндігінше жедел жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылданатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютордың Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан төрт ірі логистикалық хабы, сондай-ақ Қазақстан аумағы бойынша 9 операциялық қоймасы жұмыс істеп тұр. Бұл өңірлерге дәрілік заттарды біркелкі әрі уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бірыңғай дистрибьютор тәулік бойы жұмысын жалғастырып, дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын, ашықтығын және сенімділігін, сондай-ақ еліміз бойынша пациенттер үшін өмірлік маңызы бар препараттардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуде.

Актуальные материалы

  • Диалог о стандартах качества: итоги XI Всероссийской GMP-конференции

    Более 800 участников (очно и онлайн) объединила XI Всероссийская GMP-конференция, которая прошла в Ставрополе с 15 по 17 сентября 2026 года. Ведущее отраслевое событие года организовано Министерством промышленности и торговли Российской Федерации совместно с ФБУ «Государственный институт лекарственных средств и надлежащих практик» (ФБУ «ГИЛС и НП»).

    сен 25, 2026

  • В Казахстане обсуждается развитие единой системы холодовой цепи

    18 сентября 2026 года в Астане состоялся стратегический круглый стол по развитию холодовой цепи поставок в Казахстане. Обсуждалось создание специализированной инфраструктуры, стандартизации, цифровизации и повышения эффективности температурно-контролируемой логистики.

    сен 25, 2026

  • Представители фармотрасли предложили зафиксировать НДС на лекарства на уровне 5%

    24 сентября 2026 года на площадке Национальной палаты предпринимателей РК «Атамекен» состоялось совещание по проблемным вопросам отраслей, которые, остались неурегулированными в новом Налоговом кодексе. Встреча прошла под председательством члена Правления - заместителя председателя Правления НПП РК «Атамекен» Тимура Жаркенова с участием представителей предпринимательского сообщества и отраслевых ассоциаций.

    сен 25, 2026

  • Жанна Базарова подняла вопросы лекарственного обеспечения пациентов

    16 сентября 2026 года в Алматы впервые состоялся форум «ФАРМБЮДЖЕТ 2027», организованный международной аналитической компанией PROXIMA RESEARCH. К диалогу, помимо представителей государственных органови участников фармацевтического рынка, были призлашены руководители пациентозащитных организаций. 

    сен 23, 2026

  • Участие АЗРК в качестве сорегулятора цен на лекарства и медизделия завершилось

    Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан сообщило о результатах шестилетнего участия в регулировании цен на лекарственные средства и медицинские изделия. В сентябре 2026 года участие АЗРК в качестве сорегулятора завершается и полномочия по утверждению предельных цен на лекарственные средства переходят к Министерству здравоохранения РК.

    сен 23, 2026

885 pharmФармацевтическое обозрение Казахстана

Image

Подписка на новости