Бүгін Бірыңғай дистрибьютор Астана қаласындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған логистикалық хабта бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды. Баспасөз туры аясында журналистер еліміз бойынша медициналық ұйымдарға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау, бөлу және жөнелту үдерістерімен танысты.
