Все публикации с 2013 по 2020 год
доступны по данной ССЫЛКЕ

Қант диабеті — қазақстандықтар үшін нақты қауіп. Дәрігерлер не дейді?

Қант диабеті — қазақстандықтар үшін нақты қауіп. Дәрігерлер не дейді?

Қазақстанның үш ірі қаласы: Астана, Алматы және Шымкентте «НовоФорум Ново Нордиск: заманауи трендтер мен инновациялық перспективалар» ғылыми-практикалық конференциялар сериясы өтті. Аталмыш іс-шара Алматы мен Шымкентте «Қазақстанның эндокринолог дәрігерлерінің қауымдастығы» РҚБ (ҚЭДҚ РҚБ) және Астана қаласында Астана қ. эндокринологтар қоғамы ҚБ қолдауымен ұйымдастырылды. Конференцияларға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 520 астам эндокринолог-дәрігер мен кардиолог жиналып, эндокринология қауымдастығының негізгі көшбасшылары 2-типті қант диабетін басқарудың өзекті мәселелерін талқылады. 

Бұл конференциялар бұған дейінгілері сияқты тек білім беру бағытында өтті — мақсаты қант диабетін диагностикалау мен емдеу мәселелерінде мамандардың хабардарлық деңгейін арттыру болды. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жарты миллионнан астам қазақстандық осы аурумен өмір сүреді.1 Алайда аурудың нақты таралуы ресми деректерден 3-4 есе асады, мұны 2017 жылы ҚЭДҚ РҚБ жүргізген NOMAD зерттеуінің нәтижелері көрсетті.2

Дерт ауыр асқынуларға, мүгедектік пен жоғары өлім-жітімге әкеліп соғады, бұл денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүк түсіреді. Профилактика мен емдеудің қандай заманауи әдістері жағдайды өзгертуге көмектесе алады? Осы мәселелер аталмыш конференцияның негізгі тақырыбына айналды.

Қант диабеті — медицина мен қоғам алдындағы сын-қатер

Конференция ұйымдастырушылары атап өткендей, қант диабеті Қазақстандағы ең өзекті медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып қала береді, ол жүздеген мың адамның өміріне әсер етеді. Осыған байланысты медициналық форумының негізгі міндеттерінің бірі білім алмасу және эндокринология саласындағы соңғы жаңартуларды талқылау үшін платформа құру болды.

«Бүгінгі таңда қант диабеті медициналық мәселе ғана емес, сонымен бірге бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін —  сын-қатер. Біз үшін ауруды емдеп қана қоймай, оның алдын алу бойынша жұмыс істеу, профилактикалық бағдарламалар мен терапияның заманауи әдістерін дамыту маңызды», – деп атап өтті С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ гастроэнтерология кафедрасының доценті, Interna Clinic бас дәрігері, м.ғ.к. Раисова Айгүл Мұратқызы.

Семаглутид туралы шындық пен миф: сарапшылар не дейді?

Практик эндокринологтардың, кардиологтар мен жалпы практика дәрігерлерінің көптеген сұранысы бойынша білім беру іс-шаралар сериясының басты назарында инновациялық семаглутид препараты (Қазақстан Республикасында тіркелген сауда атауы – Оземпик®3) болды.

Бұл препарат 2-типті қант диабетін емдеуге арналған және Қазақстанда 2 шығарылым түрінде тіркелген:

  1. Оземпик® Тері астына енгізуге арналған ерітінді, 1,34 мг/мл, 1 мг/доза + НовоФайн Плюс 4 бір реттік инесі, 04.09.2020 ж.;
  2. Оземпик® Тері астына енгізуге арналған ерітінді, 1,34 мг/мл, 0,25 немесе 0,5 мг/доза + НовоФайн Плюс 6 бір реттік инесі, 17.09.2020;

Препаратқа деген қызығушылықтың артуы аясында қоғамда көптеген мифтер мен бұрыс сипаттағы ақпараттар, соның ішінде ықтимал жағымсыз құбылыстарға қатыстылары да бар. Қате түсінікті болдырмау үшін сарапшылар семаглутидтің тасымалдау, сақтау шарттарын, оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты және тиісті дәрігерлік бақылау сақталған жағдайда тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын маңызды медициналық зерттеулерді ұсынды. Олар препараттың дәлелді медицинаға негізделген қант диабетін емдеудің кешенді тәсілінің бір бөлігі болып табылатынын және Еуропаның эндокринология және кардиология кәсіптік қауымдастықтарының қант диабетін емдеу жөніндегі ұсынымдары мен Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларына енгізілгенін атап өтті.

Тек тіркелген дәрі-дәрмектердің ғана қауіпсіздігі мен тиімділігі ресми расталғанын және оларды тек лицензияланған дәріханалардан сатып алу керек екенін атап өткен жөн. Жұртшылыққа тек ресми дәріханалардан сатып алу сапалы және тиімді өнімді алуға кепілдік беретіні, сондай-ақ денсаулыққа байланысты тәуекелдерді азайтатыны туралы ақпарат беру керек.

Сондай-ақ сессияда дәрілік препараттар тудыратын жағымсыз құбылыстар туралы уақытылы хабарлаудың маңыздылығы талқыланды. Бұл пациенттер үшін ықтимал қауіптерді азайтуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар препарат қауіпсіздігінің жалпы деңгейін арттырады.

«Ақпарат тым жылдам таралатын цифрлық технологиялар дәуірінде пациенттер мен дәрігерлердің қауесеттерге емес, кез келген дәрі-дәрмекке қатысты ғылыми дәлелдерге сүйенуі маңызды. Осы сияқты білім беру бастамалары медицинаға деген сенімді нығайтуға және қант диабетін дұрыс емдеу туралы білім деңгейін арттыруға көмектеседі», – деп атап өтті «Астана медицина университеті» КЕАҚ нефрология, гематология, аллергология, иммунология курсы бар ішкі аурулар кафедрасының доценті м.ғ.к. Базарова Анна Викентьевна.

Пікірлерге сүйенсек, НовоФорум қатысушылар үшін сәтті өтіп, білім мен үздік тәжірибелермен алмасудың маңызды платформасына айналды. Тыңдаушылар өз білімдерін толықтырып, тәжірибелерімен бөлісе алды, бұл, өз кезегінде пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға және жалпы денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Сілтемелер:

  1. Бас штаттан тыс эндокринолог Л.Б.Даниярованың баяндамасы 15.03.25
  2. УДК 616.379-008.64-053.8(574)
    Н.Н. Тоқтарова1, Р.Б. Базарбекова2, А.К. Досанова2
    1«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы,
    2Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы,
    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕСЕК ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА 2-ТИПТІ ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ТАРАЛУЫ (NOMAD ҰЛТТЫҚ РЕГИСТРЛІК ЗЕРТТЕУІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ)
  3. Қазақстанның дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде «Семаглутид» халықаралық патенттелмеген атауы бар препарат тіркелген, АТХ коды A10BJ06: Оземпик®, өндіруші Novo Nordisk A/S, Дания: тері астына енгізуге арналған ерітінді 1,34 мг/мл (шприц-қалам 0,25 мг немесе 0,5 мг/доза), №ТК ҚР-ДЗ-5№024745; тері астына енгізуге арналған ерітінді 1,34 мг/мл (шприц-қалам 1 мг/доза), №ТК ҚР-ДЗ-5№024719; http://register.ndda.kz/category/search_prep
Image