Polpharma Santo компаниясының өндірістік алаңында Қазақстанда өндірілген дәрілік препараттың алғашқы партиясын Еуропалық одақ елдеріне жөнелтуге арналған салтанатты рәсім өтті.
Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі үшін маңызды шара. 100 мг дозадағы Ситаглиптин препаратының Болгария нарығына жөнелтілді. Бұл қадам отандық фармацевтика саласының дамуы мен Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруда жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді.
Салтанатты рәсімге мемлекеттік органдардың өкілдері, компания басшылығы мен кәсіпорын қызметкерлері, серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында аталған экспорттық жеткізілім өндірісті жаңғыртуға және халықаралық сапа стандарттарын енгізуге бағытталған көпжылдық жұмыстың нәтижесі екені атап өтілді.
Қазақстанда өндірілген өнімнің Еуропалық одақ нарығына шығуына кәсіпорында соңғы жылдары жүзеге асырылған ауқымды инвестициялық бағдарлама, сондай-ақ 2025 жылы өндірістің тиісті инспекциялық тексерулерден сәтті өтіп, Еуропалық одақтың GMP сертификатын алуы мүмкіндік берді. Аталған сертификат кәсіпорын өндірісінің Еуропаның фармацевтика саласындағы ең қатаң талаптарына сәйкестігін растайды.
«Бүгін біз Еуропаға дәрілік препараттың алғашқы партиясын жөнелтіп қана қоймай, қазақстандық өндірістің әлемдегі ең жоғары талап қойылатын нарықтарда табысты бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп отырмыз. Бұл жетістік жүздеген маманның еңбегінің, кәсіпорынды дамытуға салынған ауқымды инвестицияның және жоғары сапа стандарттарына деген берік ұстанымның нәтижесі», – деді Polpharma Santo бас директоры Адам Алексеюк.
Бұл оқиғаның маңызы зор. Отандық фармацевтика саласының экспорттық бағытын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылып, Қазақстанның сапалы әрі бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнім өндіруші ел ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етіп отыр.
Салтанатты рәсімнің шарықтау шегі – өнімнің алғашқы партиясы тиелген жүк көлігін жөнелту. Салтанатты түрде кәсіпорынның дайын өнім қоймасынан жолға шыққан көлік зауыт тарихындағы және жалпы отандық фармацевтика секторындағы жаңа кезеңнің басталуын білдірді.
100 мг дозадағы Ситаглиптин препараты Polpharma Santo зауытында компанияның экспорттық нарықтарын кеңейту жобасы аясында өндіріліп, Болгарияға жөнелтілді.
Бүгінгі оқиға компанияның халықаралық нарықтағы қатысу аясын кеңейту жолындағы маңызды қадам болып, Қазақстандағы фармацевтикалық өндірістің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді.